Изобильный ауылының ОМ Тілдер онкүндігі аясында
«Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» тақырыбында іс – шара өткізілді.
Бір мақсат, бір мүддені көздеген ел ғана ортақ жарқын болашаққа жетеді. «Мәңгілік Ел» қазақстандық ұлттық идея мемлекетіміздің өркендеп, әлемдік дамыған алдыңғы қатардағы елдер санатына енуін қамтамассыз етері хақ. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!»
Осы іс – шарада ұлттық санасы жаңғырып, рухани жаңғыру жолында тарихын түгендеп, атына қайта мінген қазақтың кеудесін ешкім баса алмайтыны көрсетіледі. Осындай игі бастамаға ат салысу-әрқайсымызға қастерлі міндет. Ел үмітін ақтау, ел болашағы - бүгінгі жас ұрпақта!
Бұл іс - шарадан алар үлгі-өнеге, ұлттық сезімді жігерлендіретін күш-қуат береріне сеніміміз мол.